Размер шрифта:
Бүгін мектебімізде 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Ел ертеңі – білімді жастар» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды білімге, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және болашаққа деген
17-04-2026 09:22

Бүгін мектебімізде 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Ел ертеңі – білімді жастар» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды білімге, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және болашаққа деген жауапкершілігін қалыптастыру болды.Шара барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, білімнің адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасты. Түрлі сұрақ-жауап, пікірталас және танымдық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Сонымен қатар, білімді жастардың ел дамуына қосар үлесі туралы бейнеролик көрсетіліп, талқылау жүргізілді.