Размер шрифта:
Бүгін мектебімізде «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында «Ағалар мектебі» жобасы бойынша 2–5 сынып оқушылары арасында ағалар мен інілердің қатысуымен «Спорт – біздің серігіміз» атты эстафеталық жарыс өтті. Жарыстың басты мақсаты –
20-04-2026 09:22
Бүгін мектебімізде «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында «Ағалар мектебі» жобасы бойынша 2–5 сынып оқушылары арасында ағалар мен інілердің қатысуымен «Спорт – біздің серігіміз» атты эстафеталық жарыс өтті.
Жарыстың басты мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ағалар мен інілер арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту болды.
Жарыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені «Барыс» тобы иеленді. І орынды «Тұлпар» тобы, ІІ орынды «Қыран» тобы, ал ІІІ орынды «Қайсар» тобы жеңіп алды.
Жарыс жақсы деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытып, өзара ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсетті.
@balqash_qbb @umckrg