Мектебімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен оқушылар арасында эстафеталық ойындар ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың дене белсенділігін арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын насихатт
Мектебімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен оқушылар арасында эстафеталық ойындар ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың дене белсенділігін арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Эстафеталық ойын барысында оқушылар түрлі қызықты әрі шапшаңдықты, ептілікті талап ететін тапсырмаларды орындады. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өз командалары үшін бар күш-жігерін салды. Ойын барысында ұйымшылдық пен өзара қолдау ерекше байқалды.
Шара соңында қатысушылар марапатталды.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
ҚОББД оқу-әдістемелік орталығы
Балқаш қаласы әкімдігі
Балқаш қаласы Білім Бөлімі