Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықпен бопсалаудың алдын алу
16-03-2026 14:14
16 наурыз күні жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықпен бопсалаудың алдын алу мақсатында 8–10 сынып оқушыларына түсіндіру дәрісі өткізілді. Дәріс барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың себептері, оның салдары және болдырмау жолдары кеңінен талқыланды.
 
Мектеп инспекторы Қоразбаев Н.А. оқушыларға заң талаптарын сақтау, жауапкершілік туралы айтып, түрлі өмірлік мысалдар келтірді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.