Алаш қозғалысының жетекшісі, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлт көсемінің өмірі мен қызметін насихаттау, оның ел тәуелсіздігі жолындағы ең
Алаш қозғалысының жетекшісі, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлт көсемінің өмірі мен қызметін насихаттау, оның ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегін жас ұрпаққа таныстыру.
Конференция барысында қатысушылар Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі, Алаш қозғалысындағы рөлі, сондай-ақ қазақ мемлекеттілігі мен ұлттық сананың қалыптасуына қосқан үлесі туралы баяндамалар жасады. Шараға мектебімізден ұстаздарымыз қатысып,Еримбетов Талғат Егизбайұлы 3 орынмен,Ибышева Марал Есенқызы қатысып 2 орынмен марапатталды.Құттықтаймыз!