Размер шрифта:
Мектебіміздің 7 «А» жас сақшы сыныбында сынып жетекшісі Г.С. Айтқұлованың ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – жүректегі мәңгілік көктем» атты мерекелік сынып сағаты өткізілді.Шара барысында оқушылар анаға құрмет, үлкенді
10-03-2026 10:24
Мектебіміздің 7 «А» жас сақшы сыныбында сынып жетекшісі Г.С. Айтқұлованың ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – жүректегі мәңгілік көктем» атты мерекелік сынып сағаты өткізілді.Шара барысында оқушылар анаға құрмет, үлкенді сыйлау, мейірім мен қайырымдылық сияқты ұлттық құндылықтарды дәріптеп, аналарға жүрекжарды тілектерін айтып, өлеңдер арнады.
Кештің әсерлі сәттерінің бірі – ерекше қонағымыз Айза мен оның анасын ортаға шақырып, сынып оқушылары атынан Айзаның еміне қолдау ретінде 196 000 теңгелік қайырымдылық сертификатын табыстау болды.
Бұл игі іс оқушылардың мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін айқын көрсетті.
Барша аналарды көктем мерекесімен құттықтаймыз!