«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ағалар мектебі» жобасы аясында 5–7-сынып оқушылары арасында аға мен іні арасындағы сыйластықты, бауырмалдықты және өзара жауапкершілікті нығайту мақсатында «Жеңіске бір қадам» атты ұлттық ойындар сайысы ұйымд
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ағалар мектебі» жобасы аясында 5–7-сынып оқушылары арасында аға мен іні арасындағы сыйластықты, бауырмалдықты және өзара жауапкершілікті нығайту мақсатында «Жеңіске бір қадам» атты ұлттық ойындар сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, қазақ халқының дәстүрлі ойындарын дәріптеу, аға мен іні арасындағы ынтымақ пен бірлікті арттыру, сондай-ақ оқушыларды ептілікке, батылдыққа және төзімділікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында ұлттық ойындардың бірнеше түрі ойнатылды. Атап айтқанда, қол күресі, арқан тартыс, бел тартысы, сондай-ақ ұлттық спорттың ерекше түрі – аударыспақ ойыны бойынша бақ сынасты.
Әр ойын барысында қатысушылар тек күш сынасып қана қоймай, өзара қолдау көрсетіп, әділдік пен достықтың үлгісін таныта білді. Ағалар өз інілеріне бағыт-бағдар беріп, рухани тірек болса, інілер ағаларына сенім артып, ұйымшылдықтың жарқын көрінісін көрсетті.
Сайыс қорытындысында жеңімпаздар анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.