Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Жас Сарбаз» сыныбы оқушылары арасында «Жас Сарбаздар: Бауыржан Момышұлының ерлік жолы» атты танымдық квест-ойын ұйымдастырылды. Іс-шараны Аманжол Мадина Амантаевна өткізді. Квест-ойын барысында оқушылар Бауыржан Мо
Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Жас Сарбаз» сыныбы оқушылары арасында «Жас Сарбаздар: Бауыржан Момышұлының ерлік жолы» атты танымдық квест-ойын ұйымдастырылды.
Іс-шараны Аманжол Мадина Амантаевна өткізді.
Квест-ойын барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының өмір жолы, Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, әскери қолбасшылық қабілеті мен адамгершілік ұстанымдары туралы терең мағлұмат алды. Тапсырмалар логикалық ойлау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс және шығармашылық кезеңдерден тұрды.
Оқушылар берілген тапсырмаларды бірлесе отырып орындап, өз ойларын еркін жеткізуге, дәлелдеуге және командалық рухты сезінуге мүмкіндік алды. Квест-ойын оқушылардың патриоттық санасын қалыптастырып, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін және жауапкершілігін арттырды.
Іс-шара жас ұрпақтың ұлттық рухын нығайтып, тарихи жадыны сақтауға және елге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.