«Ерлік, тәрбие, рухани мұра – қайсысы тәуелсіздікке көбірек әсер етті?» тақырыбында дебат Бүгін мектебімізде «Тарих толқындарында» тарихи сауаттылық апталығынығ аясында 8-9сыныптар арасында «Ерлік, тәрбие, рухани мұра – қайсысы тәуелсіздікке көбірек әсе
17-12-2025 09:38
«Ерлік, тәрбие, рухани мұра – қайсысы тәуелсіздікке көбірек әсер етті?» тақырыбында дебат
Бүгін мектебімізде «Тарих толқындарында» тарихи сауаттылық апталығынығ аясында 8-9сыныптар арасында «Ерлік, тәрбие, рухани мұра – қайсысы тәуелсіздікке көбірек әсер етті?» тақырыбында мазмұнды дебат өтті. Шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтардың маңызын түсіндіру, тарихи көзқарасты қалыптастыру және өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Дебат барысында қатысушы командалар үш құндылықты жан-жақты талқылады:
Ерлік – батырларымыздың ел тәуелсіздігі жолындағы қаһармандығы;
Тәрбие – ұрпаққа берілетін адамгершілік пен ұлттық тәрбие ықпалы;
Рухани мұра – тіл, дәстүр, мәдениет және тарихи сабақтастық.
Пікірталас қорытындысында оқушылар мен төрешілер тәуелсіздіктің негізін қалыптастыруда рухани мұраның рөлі басым екенін атап өтті. Себебі ұлттық рух, тіл мен дәстүр – ұлттың тұтастығын сақтап, азаттыққа деген ұмтылысты күшейткен басты күш.
Шара оқушылардың тарихи санасын арттырып, рухани құндылықтардың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.