Батыр рухы – жас ұрпақ жүрегінде! 12 желтоқсан 2025 жылы мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.С. Айтқұлованың жетекшілігімен даңқты қолбасшы, ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған екінші дәстүрлі қалалық «Менің тегім –
17-12-2025 09:32
Батыр рухы – жас ұрпақ жүрегінде!
12 желтоқсан 2025 жылы мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.С. Айтқұлованың жетекшілігімен даңқты қолбасшы, ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған екінші дәстүрлі қалалық «Менің тегім – Бауыржан» шығармашылық байқауы өткізілді.
Шара «Бауыржан батыр кім еді?» атты поэтикалық композициямен басталып, оқушылардың рухты, жігерлі сөздері көрерменді бірден баурады. Қала мектептерінен қатысқан оқушылар 4 кезең бойынша өз таланттарын, шығармашылық ізденістерін және батыр мұрасына деген құрметтерін таныта білді.
Байқау жеңімпаздары әділқазылар алқасының шешімімен төмендегідей анықталды:
• І орын – Сембек Дарина Бауыржанқызы, 9-сынып, «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ
• ІІ орын – Бауыржан Сезім Ердосқызы, 6-сынып, «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
• ІІ орын – Амиркулова Айжан Бауыржанқызы, 6-сынып, «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ
• ІІІ орын – Ілияс Бауыржан, 9-сынып, «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ
• ІІІ орын – Төлеужан Жансұлу Бауыржанқызы, 6-сынып,
Шараның құрметті қонағы, Балқаш тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Қожақов Дәулет Асанханович батырдың елдік рухқа қосқан үлесі туралы жүрекжарды пікірін білдіріп, қатысушыларға рухани ой тастады. Соңында барлық қатысушылар естелік фотоға түсіп, мерейлі кештің мәртебесін арттырды.
Бұл күн — рух пен ерліктің, өжеттік пен өнегенің мерекесі болды. Бауыржан рухы — бүгінгі ұрпақтың бойтұмары, жалыны, жігері. Осындай рухани іс-шаралар жас буынның жүрегіне ұлт тағылымын ұялатады.
«Менің тегім – Бауыржан» шығармашылық байқауы — дәстүрлі түрде жалғасын табатын, болашақ ұрпаққа батырдың ерлігі мен елдік құндылықтарын насихаттайтын маңызды шара болып отыр.
@karlygash_dsh @umckrg @balqash_qbb