Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтқұлова Г.С. және бастауыш сынып мұғалімі Моншақбаева Ә. Қ ұйымдастыруымен ұлттық тәрбиеге бағытталған “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағадарламасы “Жеңгелер мектебі” жобасы барысында «Қыз ғұмырдың құ
27-12-2025 16:26
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтқұлова Г.С. және бастауыш сынып мұғалімі Моншақбаева Ә. Қ ұйымдастыруымен ұлттық тәрбиеге бағытталған “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағадарламасы “Жеңгелер мектебі” жобасы барысында «Қыз ғұмырдың құпиялары» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шара барысында мектеп директоры сөз сөйлеп, қыз бала тәрбиесінің маңыздылығына тоқталып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде мұндай кездесулердің тәрбиелік мәнінің зор екенін атап өтті. Ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, қатысушы қыздарға игі тілегін жолдады.
Сондай-ақ шараға арнайы әжелер мен жеңгелер қатысып, қыз бала тәрбиесі жөнінде тәлімді әңгіме айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Инабаттылық, әдеп, сыпайылық, өз-өзіне күтім жасау, қыз баланың болмысына тән қасиеттер жөнінде құнды кеңестер берілді.
Оқушы қыздар қонақтармен еркін пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жағдаяттық тапсырмалар арқылы қыз тәрбиесіне қатысты ой түйді.
Шара соңында әжелер мен жеңгелер оқушыларға ақ баталарын беріп, барлығы бірге естелік фотоға түсті.
Бұл тағылымды кездесу қатысушыларға рухани азық берді.