Размер шрифта:
2025 жылдың 4-қараша күні мектебімізде психологтар Абдуалиева З.Н. және Алмасова Ж.А. 8-10 сыныптар аралығында қыз балалар арасында лекция-сабақ жүргізді. Қыз — болашақ жар, болашақ ана. Өзге үйдің босағасын аттағанда бойыңды тік ұстап, тәрбиелеп өсірге
04-11-2025 09:37
2025 жылдың  4-қараша күні мектебімізде психологтар Абдуалиева З.Н. және Алмасова Ж.А.  8-10 сыныптар аралығында қыз балалар арасында лекция-сабақ жүргізді. Қыз — болашақ жар, болашақ ана. Өзге үйдің босағасын аттағанда бойыңды тік ұстап, тәрбиелеп өсірген ата-анаңның елдің алдында жүзін төмен түсірмейтіндей етіп адал аттау үшін ананың әр сөзін қыз бала жадында ұстауы керек. 
 – Бүгінде біз жоғары ақпараттық технологиялар заманында өмір сүрудеміз деп мақтанамыз. Өйткені, олар осы жаңа технологияларды еркін меңгеріп, түрлі ақпараттармен алмаса алады. Иә, заман өзгергенімен, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүріміз өзгерген жоқ. Осығын орай кішігірім бейнетаспадан  үзінді көрсетілді. Адам өмірінде ешқандай қиындық болмайды деген кепілдік ешкімде жоқ. Ешкім де алдында қандай қиыншылық күтіп тұрғанын болжай алмайды. Әр адамның басында қуаныш пен қайғысы қатар жүретіні рас. Алайда, осындай қиындықтардан шығудың да түрлі жолдары бар. Көбі сол қиындықтан алып шығатын жолды таппай қатыгездікке, қателікке бой алдырып жатады. Сол себептен, оқушыларға бейнетаспа арқылы ақпарат беріліп, алдын алу жұмысы жүргізілді. Қыз балалар сұрақтар қойып, жауап алды және ойларымен бөлісті.