Размер шрифта:
Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ 2025 жылдың 12 қазанында 8-11 сынып қыздары арасында «Ерте жүктілік деген не?», «Ерте жүктілік немен қауіпті» атты кездесу өтті. Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-т
10-11-2025 09:36
Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ 2025 жылдың 12 қазанында  8-11 сынып қыздары арасында  «Ерте жүктілік деген не?», «Ерте жүктілік немен қауіпті» атты кездесу өтті. Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы,   ар-ұят туралы мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз болмауға тәрбиелеу.
        Бұл кездесуге №2 емхананың акушер дәрігері Ж. Мурат, мектеп медбикесі М.Қ.Сатбекова     қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты: әлемде жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және  қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік оның денсаулыққа қаншалықты зиян екенің түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл кенестер беру.   «Ерте жүктілік немен қауіпті» тақырыбында №2 емхананың акушер дәрігері Ж. Мурат қыздарға ерте жүктіліктін салдары қандай болатының оның адам өміріне тигізетін қауіп қатері қандай; т.б осындай үлкен сұрақ төңірегінде әңгіме қозғалды. Ерте жүктіліктін алдын алу мақсатында жүргізілген кездесуден оқушы қыздар өздеріне керекті көптеген мағлұматтар алды.