Мектебімізде қазан айының 22-сі күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 1А, 1Б сынып оқушылары мен ата-аналарына "Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру-баланың дағдыларын дамыту және денсаулығын нығайту" тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері Кенжебай Ж.Ә, Нурмаханова Д.К сабақ өткізді.
Мақсаты: Дұрыс тамақтануды үйрету: Балаларға жеміс-жидек, көкөніс, астық, ақуыз және ет-сүт өнімдерін қоса алғанда, әртүрлі өнімдерді тұтынудың неге маңызды екенін түсіндіру. Оларға қандай азық-түліктің денсаулыққа пайдалы екенін, ал қайсысын қалыпты мөлшерде пайдалану керектігін түсінуге көмектесу.
▰Қызығушылықтарын ояту: Балаларға дұрыс тамақтануға қызығушылықты дамыту үшін тағамды таңдауға үйрету.
▰Ынталандыру: Балалардың салауатты тамақтану әдеттерін дамыту әрекеттеріне қолдау көрсету.