«Түнгі қаладағы балалар» атты рейд
24-05-2025 11:38

2025 жылдың 24-мамыр күні мектебіміздің әлеуметтік педагогы және мектеп мұғалімдері және мектеп инспекторымен «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдке шықты. Мақсаты: жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың, мерекеге орай оқушылардың ойын сауық орталықтарда болмауын алдын алу, құқықтарын бұзу фактілерін, бала еңбегін қанау деректерін анықтау. Рейд барысында саяжай, саябақтар, көңіл көтеретін орындар, ойын залдарын қарап шықты. Рейд кезінде жұмыс істеп жүрген, құқық бұзушылық мен тәртіп бұзғандар кездескен жоқ.