5 наурыз күні мектебімізде 8-10 сыныптар арасында “Көктем аруы-2025” қыз сыны байқауы болып өтті. Мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа т
19-05-2025 10:49
5 наурыз күні мектебімізде 8-10 сыныптар арасында “Көктем аруы-2025” қыз сыны байқауы болып өтті. Мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Қыздарымыз өздерінің жан-жақты, талантты, өнерлі екендерін көрсете білді. Байқауға барлығы 9 ару қыздарымыз қатысты. Байқау төмендегідей кезеңдерден тұрды:
1. Таныстыру
2. Шығармашылық
3. Киім үлгісі
4. Сұрақ-жауап 
Байқау кезеңдері арқылы қыздарымыздың алғыр екендеріне көзіміз жетті.
Байқауда 
“Көрермен көзайымы” номинациясын 9 “Б” сынып оқушысы Амирханова Амира
“Талантты ару” номинациясын 8 “В” сынып оқушысы Рабхат Толғанай
“Ақылды ару” номинациясын 9 “Б” сынып оқушысы Маратқызы Ұлжан
“Сымбатты ару” номинациясын 8 “Б” сынып оқушысы Насыпбек Аяжан
3 орынды 8 “Б” сынып оқушысы Дарханқызы Сымбат, 9 “Б” сынып оқушысы Сейфуллина Ақмаржан
2 орынды 8 “В” сынып оқушысы Умирбекова Медина
1 орынды 9 “А” сынып оқушысы Сиезова Аяулым иеленді. “Бас жүлде” иегерін Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, мектебіміздің ардагер ұстазы өз атынан “Бас жүлде” тәжін 10 “А” сынып оқушысы Амангельдинова Аружанға табыстады. Ару қыздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!