6.01.25 күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Жумабаева Мираш Каримхановна "Сыни тұрғысынан ойлаудың стратегияларын сабақта тиімді қолдану жолдары" тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп воркшоп өткізді.
17-01-2025 21:35

6.01.25 күні мектебіміздің  қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Жумабаева Мираш Каримхановна "Сыни тұрғысынан ойлаудың стратегияларын сабақта тиімді қолдану жолдары" тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп воркшоп өткізді. Мұғалімдер кез келген әріпті таңдап алып, қойылған сұраққа қолдарындағы  дыбыспен басталатын сөзбен ойланып жауап беруге тырысты. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты да кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, саналы шешім қабылдауға үйрету. Әріптестеріміз  берілген ақпаратты пайдалана отырып,ойларын ортаға салып талдады. Воркшоп соңында мұғалімдермен сергіту сәті жүргізілді.