Размер шрифта:
Тегін тамақтандыруды ұйымдастыру сапасы, асханадағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша анықтама
18-10-2024 09:24

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

 

Тегін тамақтандыруды ұйымдастыру сапасы, асханадағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша анықтама

  Тексеру мақсаты:

  1. Әлеуметтік осалотбасылардағы оқушылардың ыстықтамақтануын ұйымдастыруға қойылатын талаптардысақтау.

Бақылау объектісі:әлеуметтікәлсізотбасыларынан шыққан оқушылар

Тексеру мерзімі:18.10.2024 жыл

Комиссия құрамы:– Ж.К.Жетписбаева - комиссия төрайымы, мектеп директоры;

 Н.Х.Мақсұтова– ата-ана комитеті;

 Б.О.Шаймерден–аналар мектебінің төрайымы.

 А.С.Алпысбаева–  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

 М.К.Сатбекова–  мектеп медбикесі;

 А.Ф.Берикказиева– әлеуметтік педагог. 

 Ж.М.Ершаева–кәсіподақ төрағасы

Тексеру барысында комиссия мыналарды анықтады: 

         5-11 сыныптардан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда  44 бала өтінішпен  бір мезгілгі ыстық тамақпен қамтылады. Бір мезгілдік ыстық тамақ құны 520 теңгені құрайды. Күн сайын тамақтану залында ас мәзірі ілінеді, онда тағамдардың көлемі мен аспаздық өнімдердің атаулары туралы мәліметтер көрсетіледі. Осы ас мәзіріне сәйкес  5-11 сынып оқушылары (жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес отбасы, әлеуметтік тұрмысы төмен оқушылар)арасында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар кесте бойынша уақытылы барып тамақтанады. Әлеуметтік ұстаз, мектеп медбикесі күнделікті астың ас мәзіріне сәйкестігін, ас мөлшерінің талапқа сай болуын қадағалап отырады.

 Қорытынды:

  1. Әлеуметтік осал отбасылардағы оқушылардың ыстық тамақтануын ұйымдастыруы талапқа сай;   

  2.Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмысты қанағаттанарлық деп саналады.