28 қазан күні мектебімізде «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының» «Артес» қолөнер үйірмесімен бірлесе отырып, ерекше білімді қажет ететін (ЕБҚЕ) оқушылар мен ата-аналар арасында "Үйірменің үйретері көп..." тақырыбы аясында семинар ұйымдастырылды.
Мақсаты: ЕБҚЕ оқушылардың шығармашылыққа деген ынтасын дамыту, үйірмелерге қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында мектебіміздің әлеуметтік педагогы А.Берикказиева "Шаттыққа толы жүрекпен" атты тренинг ұйымдастырып, ата-ана мен бала арасында жылы қарым –қатынас орнатты. Тренинг барысында ата-аналар өздерінің ойларын еркін жеткізіп, балаларымен бірге белсене қатысты.
Сонымен қатар, оқушылар сарайының "Артес" қолөнер үйірме жетекшісі Ж.С. Ахат ЕББҚ оқушылар мен ата-аналарына дәстүрлі емес техникада бейнелеу техникасымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сергіту сәтін өткізді.
Семинар ЕБҚЕ оқушылар мен ата аналар үшін өте қызықты да танымды өтті. Ата-аналар ризашылығын білдіріп, осындай жұмыстардың жиі өтуіне ұсыныс жасады.