2024 жылдың 15 қазан күні мектебімізде 8-11 сынып оқушылары арасында мектеп инспекторы Қоразбаев Нұрлыжан Айтмағамбетович және Криминалдық полиция бөлімінің Жедел уәкілінің Полиция аға лейтенанты Есиркепов Куаныш Батырбековичтің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу мақсаты: оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу іс-шарасы, түсіндірме жұмыстары.
Жасөспірімдер арасындағы есірткіні қолдану мен тарату, алаяқтық және ұрлық (маусымдық велосипед ұрлау) мәселелері бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес жасөспірімдердің ата-анасына ғана жауаптылығы емес өзі де жауапқа тартылатынын заңнамалармен түсіндірді.
Қылмыстық кодекстің 297-ші бабында есірткіні өткізгені үшін 14 жастан бастап жауапкершіліктің бар екенін еске салғым келеді. Ал есірткіні сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады.
Аталған Кодекс бойынша, 188-БАП. ҰРЛЫҚ. 1. Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру-мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстың заңнамада және ҚР ҚК-нің 177-бабында алаяқтықтың ұғымы нақты көрсетілген алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы АЛУ деп көрсетілген.