“Екі жұлдыз” өнер байқауы
14-10-2024 14:56

“Екі жұлдыз” өнер байқауы.
Байқаудың мақсаты - дарынды білім алушылар мен педагогикалық қызметкерлерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
Байқау 24.10.2024 жылы 5 кезеңде өтеді.
1. «Таныстыру» кезеңі - күзгі тақырыпта өз қиялдарымен туындаған киім жасау және дефиле арқылы сахнада жұптасып жүріп өту.
2. «Саз әлемі» кезеңі - ұстаздар мен оқушылар жұптасып ән айту (сахналық  қойылыммен) 
3. «Әуенді тап» кезеңі - әуенді тап яғни угадай мелодию (5 әуен қазақ тілінен орысшаға, орысшадан қазақшаға аударылады)
4. Сюжеттік би» кезеңі - өз қалауларындағы жанрда би (киім үлгілері, сахналық көрініс)
5. Қорытынды (қорытынды сөз, марапаттау)
8-11 сынып оқушылары және бүкіл оқытушылар құрамы қатыса алады. Қатысушы жұптар әр бірлестіктен бір мұғалім және бір оқушы болуы керек. Жұптасып өнер көрсету жеребе арқылы шешіледі.
 
Байқауға қатысуға өтінімдерді аға тәлімгер А.Қайдар 2024 жылғы 13 қазаннан 17 қазанға дейін қабылдайды.