“Отбасы-Отанымыздың асыл діңгегі”
Отбасы апталығының аясында “Отбасы-Отанымыздың асыл діңгегі” тақырыбы бойынша 5-6 сынып оқушылар арасында телемарафон өткен болатын. Мақсаты: отбасыға деген сүйіспеншілікті нығайтып, жылулық пен сыйластық, махаббатты ұлғайту. Оқушылар отбасындағы әр адамның өмірінде қандай маңызды роль атқаратынын отбасымен бірге өткен қызықты сәттері мен ерекше оқиғаларын бейнеролик жасау арқылы жеткізді. Телемарафонға белсене ат салысқаны үшін ата-аналарға және оқушыларға алғысымызды білдіреміз!