«Жалпы құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу»
2024 жылдың 6 мамыр күні «Жалпы құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектеп инспекторы Коразбаев Нурлыжан Айтмаганбетович 7-10 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Мақсаты: құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде — өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндіру. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, ұрлық жасамауға, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.