Асханадағы санитарлық гигиеналық талаптардың сақталуы бойышна ақпар
Асханадағы санитарлық гигиеналық талаптардың сақталуы бойышна ақпар
2024 жылдың ақпан айының 26 күні «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ–нің асханадағы санитарлық гигиеналық талаптардың сақталуыбойынша жоспарлы бақылау жүргізілді. Бақылауға Балқаш қаласының білім бөлімінен мониторингтік топ және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алпысбаева А.С., мектептің әлеуметтік ұстазы Берикказиева А.Ф. қатысты.
Бақылау барысында:
- Келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасы;
- Отандық тауар өндірушілердің тамақ өнімдеріне СТ-KZ сертификаттардың болу;
- Дайындалған тағамдардың сапасы;
- Технологиялық жабдықтардың болуы және жарамдылығы;
- Азық түліктердің, дайын тағамдардың сақталуы және жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуы;
- Ас мәзірінің сәйкестігі.
- Санитарлық жағдайы таксерілді.
Бақылау барысында асхана қызметкерлерінің санитарлық талапқа сай жұмыс атқарып отырғандығы және азық-түлікті пайдалану мерзімінің, ас мәзірінің мәзірге сәйкестігі талапқа сай екендігі анықталды.
Қорытынды:
- Асхана қызметкерлерінің арнаулы киімдерің толықтыру қажет;
- Асханадағы тоңазытқыштарға термометр орнату қажет;
- Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмысты қанағаттанарлық деп саналады.