«Зейін» жобасы
«Зейін» жобасы аясында өткізілген «Ізденіс» шығармашылық жұмысының ақпары
Мектебімізде «Зейін»жобасы аясында «Білімдегі инновациялар: Ізденіс және шешімдер» тақырыбында ғылыми -практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру.
Конференцияға Алтынбекова А.- география пәні мұғалімі, Жазира- химия пәні мұғалімі, Қаппар Б.С- денешынықтыру пәні мұғалімі, Мухамеджан Г.С- биология пәні мұғалімі, Карабаева Ф.-бастауыш пәні мұғалімдері қатысты.Ұстаздар өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.Эксперт мүшелері өз ұсыныстарын айтып, кейбір жұмыстарды әлі де толықтыру қажет екенін ескертті.