Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен-жайы: Балқаш қаласы, Бөкейханов көшесі-17, Электронды пошта: shkolashkola8@mail.ru
Анықтама үшін телефон: 8(71036)4-05-65.
ҚР Еңбек Кодексінің 139 бабына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына»сәйкес төмендегі бос лауазымдарға педагогтарды қабылдау үшін 2024 жылдың 20.02-28.02 аралығында конкурс жариялайды
- Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - 1 жүктеме, тұрақты
3. Еңбек ақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының лауазымдық міндеттері:
• тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
• тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
• аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
• тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
• тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
• педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
• тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
• білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
• мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
• білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
• тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
• киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
• ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;
• мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады
• білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
Құжаттарды қабылдау уақыты: Конкурс жарияланған күннен бастап 7-күн.
Қажетті құжаттар тізімі:
• Байқауға қатысу туралы өтініш;
• Жеке басты құжаттың көшірмесі;
• Қадрлық есепке алу үшін жеке нысанда толтырылады(нақты тұрғылықты жердің мекен-жайы мен басйланыс телефондары көрсетілген болса);
• Білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
• Ұлттық біліктілік тестілеудің сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе модератор-педагог, сарапшы-педагог, зерттеуші-педагог, мастер-педагог біліктілік санатының сертификатының көшірмесі (бар болса);
• Еңбек қызметін растайтын құжаттарының көшірмесі (бар болса);
• Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі) құжатының көшірмесі, диплом, диплом қосымшасы (наториалды расталған);
• Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы және 5*6-2 дана, 3*4- дана фото;
Денсаулық жағдайы туралы анықтама (EGOV сайтынан алу);
Нейропсихиатриялық ұйымының анықтамасы;
Наркологиялық ұйымының анықтамасы;
Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама;