Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi
21-01-2024 16:28

.Директор: Абдуалиева Айна Тлеккабыловна

Қабылдау күндері: сейсенбі 11.00-13.00, бейсенбі 15.00-17.00
Телефон: 8 (71036) 68554


Директордың оқу-ісі ісі жөніндегі орынбасары: Жетписбаева Жансара Курметовна
Қабылдау күндері: дүйсенбі 14.00-16.00
Телефон: 8 (71036) 40940

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Бакирова Гулжан Манатовна
Қабылдау күндері: сейсенбі 11.00-13.00
Телефон: 8 (71036) 40940

 

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Алпысбаева Анаргуль Саяжановна
Қабылдау күндері: бейсенбі 14.00-16.00
Телефон: 8 (71036) 40940

 

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыМырзабаева Гулдария Мухитбековна

Қабылдау күндері: бейсенбі 14.00-16.00.

Телефон: 8 (71036) 40940

 

Директордың ақпараттық коммуникативтік технологиялар ісі жөніндегі орынбасары: Садыканов Мирас Абайулы

Қабылдау күндері: жұма 11.00-13.00
Телефон: 8 (71036) 65950

Мектеп басшысы қабылдау кестесіне сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке қабылдайды.

Қабылдау белгіленген әрі жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізілген күн мен сағатта жұмыс орны бойынша өткізілуге тиіс.

Жеке қабылдау кезінде, азаматтарды қабылдау журналында тіркеу жүргізіледі. егер өтінішті лауазымды тұлға қабылдау кезінде шеше алмаса, ол жазбаша нысанда баяндалады және онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі.

1. Өтініш өздеріне берілген өтініш сұрақтарын шеше алатын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға беріледі.

2. Жеке тұлға өзінің өтінішінде тегін, атын, өз қалауы бойынша әкесінің атын, пошталық мекенжайын, ал заңды тұлға – өзінің атауын, пошталық мекенжайын, шығыс номері мен күнін көрсетеді. Өтініш иесі қолын қояды немесе электронды санмен бекітілген қолын қояды.

Өтініш берілген кезде субъектінің атауы немесе лауазымы, іс-әрекетіне арыз жазылып отырған лауазымды тұлғаның тегі, аты,әкесінің аты және арыз берушінің талаптары мен өтініштерінің дәлелдері көрсетіледі.

3. Арыз берушіге, өтініштің қабылданған күні мен уақыты, қабылдап алушының тегі, аты, әкесінің аты жазылған талон беріледі.

4. Заңның бектілген тәртібі бойынша, арыз міндетті түрде қабылданып,тіркеліп,есепке алынып және қарастыруға жатады.

Өтінішті қабылдамауға тиым салынады.

5. Субъектіге немесе лауазымды адамға келіп түскен өтініш, олардың қарауларына жатпайтын болса,үш жұмыс күнінен қалдырмай, бұл өтініш басқа субъектіге жіберіліп,ол туралы шағым берушіге хабарланады.

6. Жеке және заңды тұлғаның өтінішін қарастырған кезде, басқа субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алуды немесе тұрғылықты жерге шығуды қажет етпесе, өтініш он бес күн ішінде қаралады.

7. Жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қарастыру үшін басқа да субъектілерден, жауапты адамнан ақпарат алу талабы туса немесе жергілікті жерге барып тексеру керек болса,өтініштің субъектіге, жауапты адамға түскен күнінен бастап, оған 30 күнтізбелік күн ішінде жауап беріледі.

8. Өтінішке берілетін жауап Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде болуы қажет және арыз берушінің қабылданған шешімге шағым жасауға құқы бар екендігін түсіндіру.

9. Жеке тұлға мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ісжүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен басқа ісжүргізу тәртібінен бөлек, әрқайсына жеке-жеке жүргізіледі.