«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
10 сынып арасында өткен «Заңды білу- заң бұзушылықтың алдын алу» шараның ақпары
«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде» КММ 2023 жылдың 5 желтоқсанда 10 «А» сынып оқушылары арасында «Заңды білу- заң бұзушылықтың алдын алу» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Бұл шараға Балқаш қаласының прокуратурасының прокуроры Қуаныш Аслан Қайратович, мектептің әлеуметтік ұстазы Берикказиева А.Ф. қатысты.
Шара барысында Аслан Қайратович заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында бірнеше мысалдар келтіріп, заңның бірнеше бөлімдеріне тоқталып, таныстыра өтті.Оқушылар Аслан Қайратовичке өздеріне қызықты сұрақ қойып, тиісті жауап алды.