Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен-жайы: Балқаш қаласы, Бөкейханов көшесі-17, Электронды пошта: shkolashkola8@mail.ru
Анықтама үшін телефон: 8(71036)4-05-65.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 бабына,мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес төмендегі бос лауазымдарға қабылдау үшін конкурс жариялайды.
-Психолог-1ст (уақытша декреттік демалыстағы қызметкер орнына)
-мектеп алды даярлық сыныбының мұғалімі (тұрақты)
- Еңбек ақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты.
- Біліктілікке қойылатын талаптар:
* біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі курстары мұғалімдерінің тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
* орта деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігінің курстары мұғалімдерінің техникалық және кәсіптік педагогикалық білім болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
* мұғалімдердің типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес Ұлттық біліктілік тестілеудің сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) «Педагог қызметкерлер мен оған теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес» педагог- модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші,мастер-педагог біліктілік санаттарына қойылатын талаптарға сай болу.
4. құжаттарды қабылдау уақыты: Конкурс жарияланған күннен бастап 7-күн.
5. Қажетті құжаттар тізімі:
- Байқауға қатысу туралы өтініш;
- Жеке басты құжаттың көшірмесі;
- Қадрлық есепке алу үшін жеке нысанда толтырылады(нақты тұрғылықты жердің мекен-жайы мен басйланыс телефондары көрсетілген болса);
- Білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
- Ұлттық біліктілік тестілеудің сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе модератор-педагог, сарапшы-педагог, зерттеуші-педагог, мастер-педагог біліктілік санатының сертификатының көшірмесі (бар болса);
- Еңбек қызметін растайтын құжаттарының көшірмесі (бар болса);
- Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі) құжатының көшірмесі, диплом, диплом қосымшасы (наториалды расталған);
- Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы және 5*6-2 дана, 3*4- дана фото;
Денсаулық жағдайы туралы анықтама (EGOV сайтынан алу);
Нейропсихиатриялық ұйымының анықтамасы;
Наркологиялық ұйымының анықтамасы;
Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама;