Размер шрифта:
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»
05-06-2023 18:17

2023 жыл 1-12 маусым аралығында  «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық  науқан

12 маусым-Халықаралық бала еңбегін қанауға қарсы күн. Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бала еңбегін қолдану дерегі көбіне адамдардың бұл мәселе жайында хабары болмауымен, ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер зиянын білмеуімен сипатталады. Жаз болса бірден баласын жұмысқа орналастырып қоюды көздейтін әке-шешелер бар қоғамда. Бұл шерде зардап шегетін бала.

       Бала – ертеңгі өмірді жалғастырушы, ізбасар. Оның өмірінің әр күні мен сағаты тіпті, минутының қалай өтіп жатқанын ата-ананың басты назарында болуы тиіс екенін ұғындыруымыз керек. Әр оқушы өзінің құқығын білуі маңызды. Бұғанасы қатпаған бала еңбек етіп, күн көрмеуі керек, керісінше балалық шағында мектепте берілетін біліммен еркін сусындап , жазғы мезгілде еркін дем алуы қажет.

      Бала еңбегін қанау мәселесі бүкіл әлемде орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Баланың дұрыс дамып жетілуіне ата-ана жауапты. Сондықтан да бала жазғы демалыс уақытында ата-анасы және бауырларымен көңілді де қызықты, яғни есте қаларлықтай ғып өткізуі керек.

Ата-аналарға кеңестер :

  • Баланың ең алдымен демалыс уақытын дұрыс ұйымдастыруға көңіл бөлулеріңіз керек;
  • Жазғы демалыс уақытына алдын ала жоспарлап, бала ойын білуіңіз қажет;
  • Балаңызды үнемі қасыңызда болуына көбірек көңіл бөліңіз;
  • Баланы дем алуға ауылдық жерге жіберерде қажетті нұсқаулықтарды ескеріңіз;
  • Баланың жаз мезгілінде жақсы дем алуына күш салыңыз.
  •