«Ғылым және технология» жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығының ашылуы өтті.
19-04-2023 22:30
Мектебімізде «Ғылым және технология» жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығының ашылуы өтті. 
Апталықтың мақсаты: мәселелерді шешуде тың идеялары бар, жаңаша стильде ойлайтын, өз-өзіне сенімді, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу
Апталықтың барысында 10-14 сәуір аралығында  жүргізілетін іс-шаралар таныстырылды. Апталықтың ашылуына  бастауыш,орта буын және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Мектеп оқушыларын апталықтың барлық іс-шараларына қатысып,жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарын дамытуға атсалысуға шақырды
   
Апталық жоспарындағы сыныптан тыс іс-шаралар әр сыныптарда уақытында жүргізіліп отырды.11 сынып оқушылары « Ғылым мен үшін нені білдіреді?» өз ойларын жазбаша баяндау дағдылары бойынша эссе жазды 
    
10 сынып оқушылары арасында «Болашаққа бір минут» бейнероликтер байқауын өткізіп,жасаған бейнероликтерін қорғады.
       
8-9 сынып оқушылары арасында « Флорамен тәжірибелер» атты сілтеме бойынша виртуалды зертханалар көрсетілді.
10-11 сынып оқушылары арасында «шеберлік сағаттары» өткізілді.
Мақсаты: мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу және көрсету үшін жағдай жасау
Мектебіміздің физика пәні мұғалімі Д.Қ.Қанат 10-11 сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді қалай қолдану керектігін көрсету арқылы өзінің іс тәжірибесімен бөлісті
  
«Физикалық модель» қолданбалы жобалар байқауында «Агрокешенде альтернативті энергия көзімен жүретін аэрошана» моделдері жасалып қорғалды
     
Жоспарланған іс-шараларға оқушылар  аса қызығушылықпен қатысуда және өздерінің жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарын дамытуда.