Ақпар
24.03.2023ж. «Сиқырлы қалам» атты 3 «В» сыныбында үйірме өтті.
Мақсаты: Оқушыларға мақал-мәтел, жаңылтпаштар, ертегілер үйретіп, өлеңдер жаттатқызып,алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Олардың білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды жеңе білуге баулу.
Дидактикалық ойын:Қалам
Мақсаты:Сөздік қорын молайту адамгершілікке тәрбиелеу.
Н.Жанаевтың «Қылқалам »өлеңін оқып берілді.
«Сиқырлы қалам» ойыны
Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп ("Жоғары!", "Төмен!", "Оңға!", "Солға!" деген бұйрықтар беріледі.) қашықтықтан басқарып отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары,төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады.
Сурет сайысы.Суреттер бойынша ауызша әңгімелеу. Мақал – мәтелдерді көркем жазу.