Размер шрифта:
Салтанатты жабылу кеші
26-03-2023 23:07

17.03.2023 күні апталығымыздың соңғы күнінде салтанатты жабылу кеші болды. Оқушылар орыс, ағылшын тілінде көріністер қойды,тақпақтар айтты, әндер орындады. 3 а сыныбы ағылшын тілінде  Nursery poems "Brown Bear, Brown Bear, What do you see?", Fairy tale “The little house “ атты   әдемі көріністерін ойнаса,ал орыс тілінде 6Б сыныбы  Сергей Михалковтың"А у вас?", 7Б сыныбы "Мой щенок" тақпақтарын нақышпен  мәнерлеп оқып берді.  5Ә сыныбының орындауында Иван  Крыловтың  «Квартет» мысалы көпшіліктің көңілінен шықты. Оқушылар бірігіп  « Му  Bonny», « Красная шапочка»  әндерін орындады. Ең соңында кешті үш тілде « Әрқашан күн сөнбесін» әнмен аяқтады.Оқушылар бүгінгі шараға өте қызықушылықпен қатысты. Белсене қатысқан оқушылар келер аптада марапатталатын болады.