«Менің кіші Отаным»
2022 жылдың 19 қыркүйек күні Балқаш қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты V республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті. Конкурстың мақсаты туған елдің тарихына қызығушылық танытатын талатты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін,қоғамдық белсенділігін дамытуға,өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, олардың кіші Отанға деген мақтанышын арттыру болды. Осы конкурсқа 9 сынып оқушысы Жаңабай Әміре мен 10 сынып оқушысы Азкенова Айгерім қатысып сертификатпен марапатталды.