2022 жылдың 12 қазан күні Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты Canva сайтында дайын шаблондарды қолдану арқылы оңай әрі тиімді презентация жасады үйрену мақсатында информатика пәні мұғалімі М.Садыханов «Canva сайтында презентация жасап үйренейік» тақырыбында воркшоп өткізді. Қатысушы мұғалімдер компьютерде бірден презентация жасау үшін дайын шаблондарды пайдалана отырып презентация жасады. «Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыру жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Г.А.Динахметова оқушылардың оқу жылдамдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілерді анықтау және жою жолдарын жинақтау мақсатында өз тәжірибесімен бөлісті.Оқу процесін зерттеу мен оның бастауыш сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты ғалымдардың еңбектері зерделеніп, оқу шапшаңдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер анықтау, балалармен жұмыс істеу дағдыларын игеру жолдарымен бөлісті.