Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жөнінде мектеп инспекторы Нұрбек Аян Алтайұлы әңгіме жүргізді.
08.09.22 күні мектебімізде 7-11 сыныптарының арасында қыздар жиналысы, 09.09.22 күні ұлдар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық
2. Мектептің ішкі тәртіп ережелері
3. Жеке бас гигиенасы
4. Әр түрлі мәселелер
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жөнінде мектеп инспекторы Нұрбек Аян Алтайұлы әңгіме жүргізді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
2-ші мәселе бойынша Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мусатаева Жайна Есбергеновна мектептің ішкі тәртіп ережелерімен, мектеп формасы, асханадағы тәртіп ережесі, қоғамдық орындарда өзін өзі ұстау ережелері жөнінде мағлұмат айтты.
3-ші мәселеде мектеп медбикесі Сатбекова Мақпал Қалиасқарқызы мектеп оқушыларына қыздарға жеке, ұлдарға жеке мектеп гигиенасы туралы айтып, тазалық-денсаулық кепілі екендігін айтты. Салауатты өмір салтын ұстап,күн тәртібін дұрыс пайдалануды айтты