Қайырлы күн, құрметті ата-аналар!
18-05-2022 22:43

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар!

 

Кез-келген ата-ана балаларының  болашағына, олардың әртүрлі зиянды заттардың әсерлерінен келетін қауіпке бей-жай қарамау керек. Бүгін біз ата-ана ретінде жауапкершілік туралы сөйлесеміз.

Біздің ортақ мақсатымыз – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу. Балалардың есірткі ортасына түсіп кетпей, оларға дер кезінде қорған болу үшін мінез - құлқындағы психологиялық өзгерістерге баса назар аудару өте маңызды.

Біз бәріміз жұмыс бастымыз. Балалармен сөйлесуге, оларды не қызықтыратынын, қандай қиындықтарға тап болғанын не ойландырып жүргенін білуге уақытымыз жетпей жатады. Алайда, бұл өте маңызды. Өйткені, кейде баланың есірткіге тәуелді болып, оның тұзағына түсіп қалуы  үшін  көзден таса болған бір ғана  сәт жеткілікті.

Нашақорлық мәселесіне мән берген әр ата-ананың әрекеті жасөспірімдер арасында есірткі тұтынуды едәуір төмендетуі мүмкін.

Бұл құқық қорғау органдары, нарколог дәрігерлер мен мұғалімдердің мәселесі ғана емес. Ата-аналар да жұмылу қажет.  Сонда ғана бірлескен күш-жігерімізбен біз есірткі бизнесі мен нашақорлыққа тойтарыс бере аламыз.  Өйткені бала үшін алдымен ата-ана жауапты.

Сондықтан Сіз балаңыз қарайтын барлық сайттарды тексеріп, оның достары мен таныстарын, араласатын ортасын білуіңіз керек. Бір сөзбен айтқанда балаңызды қараусыз қалдырмаңыз.

Назарларыңызға елдегі есірткі ахуалы мен оған қарсы  жұмыстар туралы айтқым келеді.

 

Ішкі істер министрлігі нашақорлықтың алдын алу және есірткінің синтетикалық түрлерінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласында тиісті шаралар кешенін қабылдап жатыр.

 

"Есірткі құралдары туралы..." ҚР Заңына 2019 жылы күшіне енген түзетулердің арқасында жаңа психобелсенді заттарды мемлекеттік бақылауға жедел қою тетігі заңнамалық түрде бекітілді. Сол сәттен бастап есірткінің Ұлттық тізімі барлығы
115 жаңа атаумен толықтырылды. Нәтижесінде, бүгінде белгілі есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтары мемлекеттік бақылауға алынды.

 

2020 жылы ақпараттық коммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Тиісті саралау белгісі өткізу (ҚК 297-б. 3-б.),есірткіні тұтынуға көндіру (ҚК 299-б. 2-Б.),оларды дайындауға арналған заттар мен құралдардың айналымы (ҚК 301-б. 2-б.)  сияқты қылмыстардың құрамдарына енгізілді.

 

Есірткіні жарнамалау мен насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚК-нің 299-1-бабы)енгізілді, оған есірткі сайттарының электрондық мекен-жайлары бар «граффити» таратушылар және тиісті ақпаратты орналастырумен байланысты өзге де әрекеттер жатады.

 
2025 жылы «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде (ҚРҮҚ12.10.2021 ж. №725) Денсаулық сақтау министрлігі Алкоголь және есірткі бойынша еуропалық мектептегі зерттеу жобасының әдіснамасы бойынша жастар арасында психобелсенді заттарды қолдануға қатысты зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Зерттеу нәтижелері бойынша жастарды тәуелділікке тарту тәуекелдерінің алдын алу және диагностикалау бағдарламалары әзірленіп  енгізілетін болады. 
 

Интернет желісі арқылы есірткінің таралуына қарсы шаралар:

Интернет желісінде есірткіге қатысы бар мәмілелерді анықтау және қылмыскерлерді қадағалау үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен әзірленген «Кибер қадағалау» ақпараттық жүйесі енгізілді. Жүйе осындай интернет-ресурстарға сілтемелерді автоматты режимде бұғаттауға жібереді.

Өткен жылы есірткінің таратылуы туралы 1600-ден астам  интернет-ресурс бұғатталса, биыл жыл басынан 
440 интернет ресурс анықталды.

Тиісті электрондық сілтемелері бар 10 мыңнан астам граффити суреттері жойылды.

 

 

Есірткі сатушылар көбіне заңсыз айналымға адам тарту үшін интернет-ресурстарды пайдаланып, бос жұмыс орындарын ұсынып,  хабарлама жасайды.

Осы ретте интернет желісінде тиісті қызметтер ұсынатын танымал провайдерлердың бірі «OLX Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп жұмыс жасау қолға алынды. Ынтымақтастықтың арқасында биыл курьерлік жұмыс ұсыныстары түріндегі есірткі «жасырып кетушіні» (закладчик) жалдау туралы 50-ден аса хабарландыру анықталып, жойылды.
 
«Telegram» серверінің қазақстандық әкімшісімен де аталған бағыттағы жұмыстар пысықталуда, онда есірткіні жасырын сатумен айналысатын 440 чат анықталды.

 

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі ескерту жасап, азаматтарды қырағы болуға шақырады. Жұмыс сипатын тексермей, сайт әкімшісінің, курьердің жұмысы туралы ұсыныстарды қабылдамауды ескертеді.  Алайда, мұндай «жұмыс берушілер» бірден жұмыс заңды емес екенін айтады және  жұмысқа жалданатындар жоғары жалақымен, қалаған уақытында тиімді бизнестен шығып кете аласыздар деп тартады.

 Көп жағдайда, дәл осы «есірткі жасырып кетушілер» мен курьерлер  полицияның қолына түсіп, сот үкімімен ұзақ жылдар бойы бас бостандығынан айырылып жатады.

Енді есіріткіні тұтыну салдарына келетін болсақ.

Балаңыздың есірткі қабылдайтын немесе қабылдамайтынын анықтау қиын, егер ол есірткіні бір рет ғана немесе  мезгіл-мезгіл қолданған болса.

Есірткіге қатысты сәл ғана күдік туған болса,  баламен ақылға салып байыппен сөйлескен жөн. Және де осы орайда нарколог дәрігерге жүгініңіз. Себебі, жасөспірімнің есірткіні немесе олардың синтетикалық аналогтарын шынымен қабылдағанын білудің ең оңтайлы әдісі маманның кеңесін алу.

Нашақорлық – ми жасушаларын өлтіріп, оның бұзулуына әкелетін ағзадағы ауыр өзгерістерді тудырады,

Оттегімен қанықтырудың болмауына байланысты есте сақтау қабілеті, зияткерлік қабілеті төмендейді, мұның бәрі галлюцинациямен бірге жүреді.
 
Сонымен қатар, есірткі бауырға, өкпеге, жүрек - қан тамыр жүйесіне зиянды әсер етеді, оны адам ағзасына таратады.
 
Бір рет тұтынудың өзі есірткі тәуелділігіне  әкелуі мүмкін.
 
          Отбасылық құндылық, ата-ана махаббаты мен қамқорлығы, спортпен шұғылдану балаға есірткіге қарсы тәрбие тұрғысынан үлкен әсер ететінін бәріміз түсінуіміз қажет. Осы бағытта бірге жұмыс жасайық.
 
Назарларыңызға  рахмет!