Құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік
25-03-2022 08:38

Құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік

 

         2022 жылдың 18-наурызы күні әлеуметтік педагог Ж.Мустапаева 5-7 сыныптың оқушыларының Балқаш қаласы полиция бөлімінің аға лейтенанты, тергеуші Онайбаевна Диана Байбусиновамен кездесу сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлқ азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар –намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру.

         Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың барлық түрі мен оның салдары туралы және ол үшін берілетін жаза түрлері айтылып өтті. Оқушылар қонаққа «Бұл мамандықты таңдауға не себеп болды?», «Сатып алынған затбүлінген болса, ол үшін кім жауапты?», «Тәртіпті бұзған жағдайда қандай жаза қолданылады?» және т.б. ойларында жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Кездесу соңында оқушылар алған маңызды мәліметтері үшін тергеуші ханымға үлкен алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.