Размер шрифта:
«Парасаттылық»
13-09-2021 16:14
«Парасаттылық»

«Парасаттылық» сөзі адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттерді қамтиды. Аталған құндылықтарды қоғамда насихаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып табылады.Осы мақсатта, бүгін мектепте адалдық сағаты өтті.

Адалдық сағаты барысында оқушыларға парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізілді.

Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Адалдық сағаты барысында сынып жетекшілер , арнайы әзірленген бейнероликтерді оқушылардың назарына ұсынды.