«Денсаулық дәрумендері»
2021 жылдың 06 сәуір күні №8 жалпы білім беретін мектепте денсаулық күніне арналған «Денсаулық – ел байлығы» атты іс-шаралар өтті. «Менің денсаулығым, менің байлығым» тақырыбында жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң болуға тәрбиелеу мақсатында сынып сағаттары өткізілді. «Денсаулық дәрумендері» тақырыбында викториналық ойындар, «Жас эрудит» салауатты өмір салты тақырыптарында сөзжұмбақ шешу ойындары ұйымдастырылды. Іс-шаралардың мақсаты оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Шара барысында оқушыларға салауатты өмір салты, жеке бас гигиенасын сақтау, қоршаған ортаның тазалығы туралы және зиянды дағдыларға әуестенбеу жайында ақпарат берілді. Оқушылар күнделікті күн тәртіптерімен бөлісті.