Размер шрифта:
Даярлық сыныбына қабылдау
16-07-2021 12:32
Возможно, это изображение (4 человека, ребенок, люди стоят, люди сидят и в помещении)
Балқаш қаласы "№8 жалпы білім беретін мектебі" КММ - де 01.06.2021ж. бастап 5 жасқа толған балаларды даярлық сыныбына қабылдау жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының даярлық сыныптарына алты жасқа толған балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы бес жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар даярлық сыныбына бара алады, себебі күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық бес жасқа толады.
 
Баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері оқыту үшін кез-келген білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар (бос орын болған жағдайда).
Бастауыш білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылы бес жасқа толатын балалардың даярлық сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.
Балаларды даярлық сыныпқа алу үшін қажетті құжаттар келесідей:
• Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
• 3 см-де 4 см 2 фотосурет.