«Салауатты өмір салты» атты плакаттар жасау күні өтті.
Лагерь қатысушылары арасында «Салауатты өмір салты» атты плакаттар жасау күні өтті.Оқушылар салауаты өмір салты, зиянды әдеттер туралы білетіндерін айтып, ортаға салды. Осы тақырыпты талқылап алып, оқушылар плакат жасады. Мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.