«Отбасы асханасы»
Мақсаты: Отбасылық дәстүрді отбасындағы тәрбиемен әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Ұлттық салт-дәстүрді ұлттық тағамдар арқылы баланың бойына сіңіру. Жеке шығармашылығын дамыту үшін жағдай жасау.16 маусым күнінде «Отбасы асханасы» атауы бойынша отбасылық сайыс өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары арасында сайыстың мақсаты мен шартымен таныстырылды. Әр отбасы өзіне жақын тағамдарды әзірлеп бейнежазба мен суреттерімен бөлісті. Сол арқылы, әр отбасыда болатын түрлі тағам түрлерімен танысып, өнерлерін тамашаладық. Әр отбасы жүлделі орындарға лайықты болды.