Жазғы мектеп.
«№8 Жалпы білім беретін мектебі» КММ- де жазғы мектепте оқып жатқан оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылығын артыру, кітап оқу арқылы өздерін тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, жастарымызды рухани байлық алуға шақыру мақсатында бір мезгілде оқу сағаты ұйымдастырылып жатыр.Бұл іс-шарада оқушылар әр күні сабақ алдында 20 минут бойы бір мезгілде кітап оқып, оқыған кітаптарына топ болып талдау жасап отырады.
Оқу сағатын әр сынып жетекшілері оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын дамыту үшін қызықты тәрбиелік ойындар мен танымдық сағаттар ұйымдастыру арқылы өткізеді.