Қауіпсіздік жағдай!!!
09-06-2021 08:46

Бүгін мектебімізде ««Ақниет» еріктілер ұйымының мүшелері ата аналар мен оқушылардың назарына жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен қауіп қатері жөнінде естеріне салу мақсатында акция өткізді.Қаламыздағы адам көп жиналатын орындарда жолдағы және судағы қауіпсіздік, және –ата аналарымен үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет қауіпсіздікті елеусіз қалдыруға болмайтынын түсіндіру келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін таратпа қағаздар таратып, түсіндірме жұмыстар жүргізді.Сонымен қатар еріктілер қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылық, біреудің мүлкіне қол сұғушылық, зиян келтіру сияқты құқықбұзушылық көбінесе жасөспірімдер мен мектеп жасындағы оқушыларда кездесіп жататындығын және баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды қарастыруын басты назарда ұстау керектігін айтты. Жас ұрпақ пен барша қоғамды осы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди стоят и на открытом воздухе)