«Құқықтық күзет»
Мектебімізде 8-10 сыныптар арасында «Құқықтық күзет» тақырыбында қаламыздың кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Тогайбекова Сымбат Муратовнамен қашықтықтан кездесу өтті.
Мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру; Құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екенінтүсіндіріп, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, өз ойларын еркін ашық айтуға үйрету.
Кездесу кезінде оқушылардың инспекторға қоятын сұрақтары маңызды болды. Кездесуіміз пікірталас болып өтті. Оқушылар инспектормен біріге отырып, құқық туралы білетін айта отырды және білімдерін жетілдірді. Кездесу соңында инспекторға алғыстарын білдіріп, осындай кездесулердің көбірек болса деген ойларында жеткізді.