«Білім сапасы басты назарда»
26.05.2021 жылы «Білім сапасы басты назарда» атты қалалық жетекші мектептер форумы өтті. Форумға серіктес мектептердің мұғалімдері қатысты.
Форумның мақсаты: педагогтардың оқу-тәрбие қызметіндегі теориялық және тәжірибелік жұмыс нәтижелерімен алмасу және жинақтау, тарату және педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық әлеуетін дамыту.
1- алаң «Lesson Study мен Action Research: негізгі қағидаттарды іске асыру тәжірибесінен» мектептерде іс-әрекетті зерттеуді жүзеге асырудағы тәжірбелерге арналып, біздің мектептен С.К.Рыскулова қатысты.
2-ші алаң «Үштілді білім беру арқылы құзіретті тұлғаны қалыптастыру» жаратылыстану пәндері бойынша үштілділікті тиімді қолдану бағыты бойынша өтті. Аталған алаңға біздің мектептен 3 баяндамашы С.А.Мустафина, Р.Химиран, П.Ақатай қатысып, тәжірибесімен бөлісті.
3-алаң «Жетекші мектеп жағдайында педагогтардың кәсіби шыңдалуының әдістемелік көмек алаңы» әдістемелік көрмелерге арналды. Аталған алаңға Біздің мектептен 2 баяндамашы М.Б.Шабленова мен А.Ахмет қатысып, мектеп жетістіктері мен әдістемелік қоржындарымен таныстырды.
Форумның қорытындысын жетекші мектеп үйлестірушісі Айнабекова Ж.Б серіктес мектептердің жыл бойғы жұмыстарына мониторинг жүргізді. Форум соңында біздің мектептің баяндамашылары мен мектеп үйлестірушісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар мен сертификаттар берілді.