« Сәт сапар, саған жас түлек!»
Карантиндік талаптарды сақтай отырып, 2021 жылдың 25-мамыры күні жалпы білім беретін №8 мектеп түлектері үшін « Сәт сапар, саған жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанаты өткізілді. Мектеп директоры А.Токейбекова оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Құттықтау барысында жылдық жұмыс қорытындыланып, білім мен ғылымнан, спортан және өзге де дамытушылық бағытта жеңіске жеткен оқушылардың есімдерін атады. Биыл біздің мектепте 33 оқушы бітіріп отыр. Ата-аналар атынан Т. Амреева мен К.Мейірханов құттықтау сөз алды. Жас түлектерге арналған 1-сынып оқушыларының ән-билеріне көрермендер ризашылық білдірді. 11-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан қоңырау үні түлектер үшін соңғы рет соғылды. Салтанатты жиын соңында түлектердің қонақтармен, ұстаздармен естелік фотоға түсіру рәсімімен аяқталды.
Он бiрiншi сынып оқушылары достарымен, сүйiктi мектебiмен және мұғалiмдермен қоштасып, алда үлкен өмiрге қадам басты.