Облыста коронавирусқа қарсы вакцинация науқаны жалғасуда.
12-05-2021 15:23
Облыста коронавирусқа қарсы вакцинация науқаны жалғасуда.Қарағанды облысында коронавирусқа қарсы вакцинация науқаны жалғасуда. Күніне 8050 адамды өткізу қабілеті бар, мамандандырылған тоңазытқыш жабдықтарымен жабдықталған 115 егу кабинеті ашылды (2020 жылы 99 медициналық мұздатқыш сатып алынды).Вакцинаны өңірлерге жеткізу жолдары жасалды. Вакцинаны қысқа қашықтыққа тасымалдау үшін 115 термоконтейнер сатып алынды, алыс қалалар мен аудандарға вакцина суық тізбекті сақтай отырып, тоңазытқыштарда жеткізіледі.12.05.21 ж. жағдай бойынша Қарағанды облысында бірінші компонентпен 136 389 және екінші компонентпен 52 558 иммунизацияланды.Сәуір айында барлығы – 77 280 доза бірінші компонент Спутник, КФК , 4000 доза Казвак және Hayat-Vax 7000 доза вакцина жеткізілдіХалыққа E-gov және Damumed жеке кабинеті арқылы вакцинацияға жазылу қолжетімді.Вакцинаның көп бөлігі Қарағанды қаласында , қалған көлемі моноқалалар мен аудандар арасында бөлінген.Барынша қысқа мерзімде (2021 жылғы 1 шілдеге дейін) иммундауды жүргізу үшін емханаларда вакцинация орталықтарынан басқа ірі сауда орталықтарында (Қарағандыда: Таир, Абзал, Глобал-Сити, Умай, МБО, әлем, ГрандСтор, Теміртау: ТД БУМ) егу кабинеттері ашылды. Мәдениет және демалыс саябақтарында, ауылдық елді мекендерде халықты вакцинациялау үшін жылжымалы медициналық кешендер пайдаланылады.Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерін қамту бойынша қысқа мерзімді жоспар құрылды, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін белсенділік пен бейілділік артты. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға көшпелі егу бригадалары иммундауды жүргізеді, олардың саны облыста 45-тен асады.