Мектебімізде 26 сәуір күні «Жас Ұлан» және өзін -өзі басқару ұйымының мүшелері ҚР тәуелсіздігіне 30ж толуына орай ұйымдастырылып жатқан «Жақсылық шеңбері» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, белсене араласты.Бұл акцияның негізгі мақсаты жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру,жақсы істер жасай білу іскерлігін дамыту және қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу. Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен , адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ы.Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.Олай болса жақсылықтың шеңберінде жақсылық жасап жарысу басты міндетіміз.